Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елеуова Гульмира Амангельдиевна Тренерлік жұмысымның есебі
22
май
2023

Елеуова Гульмира Амангельдиевна Тренерлік жұмысымның есебі

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Елеуова Гульмираның 2022-2023 оқу жылындағы жылдық есебі
Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім атқарады. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту мен оқу үдерісінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр. Тренер ретінде мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалану осы бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады.
Шымкент қаласының Білім басқармасы әдістемелік орталығының «Құндылыққа бағдар: сапалы білім, өзін-өзі бағалау, жаңа мүмкіндіктер» айдарымен өткізілген секциялық отырысында «2022-2023 оқу жылында ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасадым. Баяндамамда жаңа оқу жылындағы өзгерістерге тоқталдым.
Мұғалімдердің зерттеу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудегі тәжірибесін жақсарту мақсатында мектеп тренері әріптесім Ысмағұл Ләззатпен бірлесіп «Заманауи мұғалімді кәсіби дамыту негізінде зерттеу сабақтарын талдауға жаңа ұсынымдар» тақырыбында коучинг сабағын өткіздік. Топтарға «Зерттеу сабағы дегеніміз не? Ол туралы не білеміз? Оны не үшін пайдалануға болады?», «Зерттеу сабағының үдеріс кезеңдері қандай? Кезеңдерде қандай іс әрекеттер орындалады?», «АВС оқушыларды бақылау қалай жүргізіледі? Неге мән беру керек?», «Зерттеу сабағын қалай жоспарлайсыз? Жоспарлауда нені ескеру керек?» деген тапсырмалар бердік. Берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімдер постер құрып, зерттеу сабақтарын өткізу бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Зерттеу барысында туындаған қиындықтар туралы пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мұғалімдердің зерттеу сабақтары туралы теориялық білімдерін байқау мақсатында тест тапсырмаларын «Kahoot» программасымен дайындадық. Әріптестеріміз телефон арқылы сұрақтарға жауап берді. Тест нәтижесі бойынша жеңімпаз әріптестерімізді марапаттап, «От шашу» қошеметін сыйладық. Серикова Маржан «Кемеңгер ұстаз», Бихан Болат «Үздік көшбасшы», Кульбаева Эльмира «Үздік зерттеуші» номинацияларын иеленді. Кері байланысты «ПОПС» әдісі бойынша жүргіздік. Осы тақырыпта тірек мектеп ретінде қала мектептеріне ұйымдастырылған семинарда тағы да коучинг өттік. Семинарға қатысқан мұғалімдер берген кері байланыстарында құнды ақпараттар алғаны туралы айтқан. «Academy of Golden Kids» жеке меншік мектебінің сұранысы бойынша осы тақырыптағы коучингмізді өтіп, ондағы әріптестерімізбен тәжірибе алмасып қайттық.
Ысмағұл Ләззатпен бірлесіп өткізген екінші коучинг «Зерттеу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында болды. Коучинг Ж.Аймауытовтың: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген қанатты сөзімен басталды. Мұғалімдер «Сабақты бірлесе жоспарлау талаптары, сабақтың талдау парағын жасау, сабақты бақылауды ұйымдастыру ережесі, интервью алу (оқушыдан сұхбат) ережелерін өздері құрып, жұмыстарын жариялады. Соңында жұмыстарына толықтырулар жасап, өзге бір- бірінің жұмыстарына пікірлерін білдірді. Коучинг соңында «Дейін. Кейін» кері байланысын алдық. Кері байланыста мұғалімдер зерттеу сабағына қажетті құжаттарды біліп алғандарын және зерттеу сабақтары қалай жүргізілуі қажет екендігі жайлы толық ақпарат алғандықтарын айтты.
Наурыз айында мектепте бастауыш сыныптардың қалалық семинары өтті. Осы семинарда «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында коучинг өткіздім. Сыныптағы оқушылардың әрқайсысының ойлауы, қабылдауы, жұмыс жасауы, жылдамдығы т.б әртүрлі екенін ұғындыру мақсатында пілдің суретін салдырдым. «Сіздердің салған суреттеріңіз әдемі-ақ, бірақ әрқайсыңыздың салған суреттеріңіз түрліше болып шықты. Неліктен? Қалай ойлайсыздар?» деп пікірлерін тыңдап, суреттердің түрліше болу себебін дәлелдеттім. Зерттеу сабағына қажет құжаттар туралы әңгімелеп, олармен таныстырдым.
1.Қысқа мерзімді бірлескен сабақ жоспары
2. Сабақты бақылау парағы (А,В,С оқушыларға және мұғалімге жалпы оқу үдерісінің жүру
барысына)
3. Сабақты талдау парағы
4. Интервью сұрақтары (оқушымен сұхбат)
Топтарға практикалық тапсырмалар бердім. І топ: Сабақ үлгерімі жоғары (дарынды оқушы) білім алушыға мәтін бойынша тапсырмалар дайындаңыз.
ІІ топ: Сабақ үлгерімі орта білім алушыға мәтін бойынша тапсырмалар құрастырыңыз.
ІІІ топ: Сабақ үлгерімі төмен (инклюзив) білім алушыға қандай тапсырмалар дайындайсыз?
Келесі практикалық тапсырма «Рөлдік ойын» болды.
1-бақылаушы - «А» деңгей оқушыны бақылаңыз.
2-бақылаушы - «В» деңгей оқушыны бақылаңыз.
3-бақылаушы - «С» деңгей оқушыны бақылаңыз.
І топ: Үлгерімі жоғары (дарынды оқушы) білім алушының тапсырмасы
ІІ топ: Үлгерімі орта білім алушының тапсырмасы
ІІІ топ: Үлгерімі төмен (инклюзив) білім алушының тапсырмасы
Қатысушы мұғалімдер белсенді жұмыс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Биылғы оқу жылының екінші жартыжылдығында 8 «Ә» сыныбында «Оқу сапасын арттыру үшін топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету және оқу үдерісін зерделеудегі дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында Қазақстан тарихы және алгебра пәндерінен зерттеу сабақтары ұйымдастырылды. Зерттеудің мақсаты «Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту». Зерттеу сабақтарының жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы: Г.А.Елеуова мектеп тренері, Ш.С. Омар бастауыш сынып мұғалімі, Г.Б.Аханова мектеп психологі, А.Орынбаева қазақстан тарих пәні мұғалімі, Х.Жуманова алгебра пәнінің мұғалімі. Тақырыптық жоспарға сабақ тақырыптары жоспарланды. Зерттеудің мақсатын басшылыққа алып, жұмыс тобы оқушылардың ойлауын бақылау мен талдауға болатындай, «көзге көрінетін» етуге мүмкіндік беретін оқытудың әдістерін, тәсілдерін және формаларын ұсындық. Әрбір өткізілген сабақтан кейін жұмыс тобы бас қосып, жоспарға өзгертулер енгізіп, сабақты бақылау жүргізді. Сабақтан сабаққа қарай жоспар жақсара түсті және мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқудың ең үздік стратегияларын анықтады. Сабақты жоспарлауда мұғалімдер қызығушылықты ояту кезеңін қалай жүзеге асыру, үй жұмысын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, формативті бағалауды жүргізу, инклюзивті оқытуды ұйымдастыру және сыни ойлауды дамыту туралы ойланып ҚМЖ жасадық. Сабақты талқылау үшін бірнеше негізгі ережелерді қарастырдық. Зейінді оқушыға аудару (мұғалімге емес), оқушылар нені, қалай және неліктен еш нәрсе білген жоқ және сабақтан өздеріне еш нәрсе алған жоқ екендігіне талдау жасауға назар аудару, сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу, өзінің эмоциялары және жорамалдарына емес, бақылаудың нақты нәтижелеріне (оқушылардың оқуының фактілеріне) ғана сүйену, сабақта орын алған «сәтсіздіктерді» ақтаудан аулақ болу. Бақылауға алынған оқушыларға тоқталсам, С деңгейдегі оқушы мұғалімді тыңдай алады, өзіне қойылған сұрақтарға жауап береді, жұптық жұмысқа белсенді қатысты. Сабаққа қызықтыру арқылы бұл оқушының оқуын жақсатуға болатынына көз жеткіздік. А деңгейлі оқушының көшбасшылық қабілеті жоғары, топтық жұмыста белсенді, топтық барлық мүшелеріне қолдау көрсетеді. В деңгейлі оқушының белсенділігі екінші, үшінші сабақтарда өте жоғары болды. Сабақ соңында 8, 9 балл алып отырды. Пән мұғалімдері В деңгейлі оқушының сабаққа қатысуы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарғанын айтты.
Биылғы оқу жылында жасаған тренерлік жұмысымның нәтижесі жемісті болды деп ойлаймын. Өйткені, мұғалімдер зерттеу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін жақсы ұғынды және тәжірибелерінде қолданды. Сұрақтар туындаған жағдайда келіп сұрап, ойларымен бөлісіп отырды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив