27
декабрь
2022
БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
Мектебіміздің білімді де жігерлі, жалынды жас мамандарынан құралған «Болашақ Life» мүшелерінің қатысуымен мектеп кітапханашысы Иманбаева Гүлбағила «Ер есімі есінде, ерлігі ұрпаққа аманат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл дөңгелек үстел жиынында жас мамандар өздерінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқыған кітаптары мен авторлары жайында тың ақпараттармен бөлісті. Жиынға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байғараева Асемкуль Жүнісқызы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Теміров Нұрбол Мұхтарұлы қатысты. Аталған іс-шарадан түйген ойымыз: ХХІ ғасыр технологиялардың дамыған заманы болғанымен де, кітаптың берер сыйы мен кітаптан алар ой азықтың орны, басар құндылығы жоғары екенін ұқтық.
Кітап оқиық, өзгелерді де кітап оқуға баули жүрейік!