03
ноябрь
2022
ЖЕЛБІРЕЙ БЕР, КӨК ТУЫМ – КӨК АСПАНДА!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандардан құралған «Болашақ- LIFE» мүшелерінің арасында мектепішілік дебат ойыны өткізілді. Дебатқа қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Борахаева Нургул төрешілік етті. Сайысқа қатысқан төрт команда берілген тақырыптарды жан-жақты талдап, дайындығын ортаға салды. Дебат барысында үздік ойын көрсеткен мұғалімдер: бастауыш пән мұғалімі Қарабаева Жадыра, математика пән мұғалімі Мамыров Рүстем, орыс тілі пән мұғалімі Салыхожа Азиза, тарих пән мұғалімі Сайфуллаева Шахида, ағылшын тілі пән мұғалімі Акбарова Қарлығаш, мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Мамасариева Айдана. Қатысушылар осындай дебат ойындарын асыға күтетінін айтып, дебат ойынына қызығушылықтарын танытты.
Дебатқа қатысқан әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!
[center]
Дебатқа қатысқан әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!
[center]



