01
март
2024
Асхана жұмысы
2024 жылдың ақпан айының 20 күні №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бракеражды комиссия мүшелері “Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” қағидаларының орындалуын қадағалау мақсатында асхананы жалға алушы Б.Берденова және асхана жұмыскерлерінің қызмет көрсету деңгейі, асхананың санитариялық тазалығы, тамақ әзірлейтін орындарының талапқа сай жүргізілу деңгейіне зерделеу жүргізді. Бақылау барысында асхана мәзірінің перспективалық маусымдық қыстық екі апталық мәзірі күнделікті тағамдарымен сәйкес келетіндігі, үстел жабдықтарының және де тамақ әзірлейтін орындарының тазалығы талапқа сай екендігі анықталды. Тыйым салынған тағам түрлерін болдырмау жұмыстары, тағамдардың сақталу мерзімінің құжаттарына тексеру жүргізілді. Ата-аналар комитетінің төрайымы М. Сарыбаева асхана жұмысының дұрыс жолға қойылғандығы, оқушыларға ас мәзіріне сай тегін ыстық тамақтың сапалы және бала өміріне қауіпсіз тағамдар беріліп жатқандығын айтты.
Мектеп мұғалімдері де асхана қызметкерлерінің жұмысына ризашылығын білдірді
Мектеп мұғалімдері де асхана қызметкерлерінің жұмысына ризашылығын білдірді

