Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2023

"Қасиетіңнен айналайын, туған жер" тақырыбында зерделеу сабағы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 27.11.2023күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Кекилова Жадра 7б сынып оқушыларымен өткізді.
Сабақтың мақсаты: 7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу; 7.3.1.1 әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылар " Туған жер", "Тарих", "Мәдениет" деп үш топқа топтастырылды. Сабақтың тақырыбын құндылықтармен байланыстыру мақсатында сабақты мемлекеттік әнұрамен бастады. Әнұранды айту арқылы оқушылардың бойында ұлттық патриотизм қалыптасты. Оқушылардан ережені қайталау мақсатында үй тапсырмасын "Kahoot" ойыны арқылы ойнатылды. Жинаған ұпайларын Ашық журналға белгілеп отырды. Әр топтың тапсырмалары бойынша іріктеп оқу, зерттеп оқу, коментарий жасау болды. Мәтіндерді оқу арқылы күрделі жоспар жасады. Күрделі жоспар мен жай жоспардың айырмашылығын айтты. Саралау тапсырмалары болды. "Мәдениет" тобының оқушысы Шарафуддинқызы Еркеназ домбырамен күй тартып, сыныпқа ерекше атмосфера сыйлады. Оқушылар "БББ" кестесі арқылы кері байланыс берді. Зерделеу топ мүшелерінің барлығы сабаққа қатысып, ұсыныстарын айтты. Ұсыныстары арқылы келесі сабаққа жоспар жасалынды. Зерттеу топ мүшесі Калауова Гульзира С деңгейіндегі оқушының сабақ барысында ойын еркін айтып, мұғалімнің көмегінсіз тапсырмаларды орындағаны туралы пікір білдірді. Психолог Агмасова Айман оқушылардың қызығушылығы жақсы деңгейге көтерілгені, өзін- өзі ұстауы, сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқады. Тарих пән мұғалімі Орынбаева Айтолқын "Тарих" тобында зерттеу жұмыстарының болғандығын ескерді. Сабақ мақсатына жеткендігі туралы пікір білдірді. Ағылшын пән мұғалімі Сейдахметова Салтанат В деңгейіндегі оқушының сабақ бойы белсенді болғанын, оның бойында домбыра тарту өнерінің бар екенін де айтты. Нұрсейітова Қаракөз, Айтимбетова Гаухар А деңгейіндегі оқушыны бақылап, бұл оқушы сабаққа өте белсенді қатысқандығын, зерттеу жұмыстарымен көбірек айналысқанын, сөйлеу мәдениеті, сөз саптауы жоғары екенін атап көрсетті. Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Байғараева Әсемкүл Жүнісқызы сабақ өте жақсы өткенін, сабақ мақсатына жеткенін, оқушылардың белсенділігі жақсы болғандығын, келесі сабақта бұдан жақсы болатыны туралы пікір білдіріп, оқушыларға білімдерінің арта беруіне тілектес екенін айтып өтті.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив