04
декабрь
2023
"Музыка- табиғи өнер" тақырыбындағы зерделеу сабағы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 4.12.2023 күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Кекилова Жадра 7б сынып оқушыларымен кезекті "Музыка- табиғи өнер" тақырыбындағы зерделеу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: 7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақтың тақырыбы музыкамен байланысты болғандықтан, сынып оқушылары "Қазақ музыкасы", "Орыс музыкасы", Шетел музыкасы" болып үш топқа топтасты. Оқушылар өздерінің таңдауы бойынша топқа бөлінді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар Қарақат Әбділдинаның "Бақыт" туралы өлеңін бүкіл сынып болып айтты. Адамның әр сәті бақыт екенін түсінді. Үй тапсырмасын "Нақты бес дерек" әдісі бойынша өздерінің, ата-аналарының туып өскен жерлерін зерттеп, қорғады. Әр топқа топ атауларына байланысты мәтін беріліп, сол мәтіннің тақырыбы, негізгі ойын анықтады. Оқушылар Ашық журнал бойынша бағаланды. 2-тапсырма бойынша әр том өз өнерлерін көрсетті. "Қазақ музыка" тобында Шараффудинқызы Еркеназ домбырамен "Жақсы адамдарым" атты өлең айтса, Жақсыбай Асхат күмбірлеген күйін тартты. "Орыс музыка" тобында Маманова Нигина орыс тілінде өлең айтты. "Шетел музыка" тобында Аблай Перизат ағылшын тілінде өлең айтып, керемет көңіл-күй сыйлады. Саралау тапсырмалары болды. Шығармашылық тапсырма бойынша "Әуенді тап" ойыны ойнатылды. Әуенді дұрыс тапқан оқушыларға сыйлықтар таратылды. Оқушылардан кері байланыс алынып, үйге тапсырма берілді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары болды. Оқушылар білімдерімен қатар өнерлерін де көрсетті. Сабақта жинаған ұпайлары Ашық журналға белгіленіп, қойылды. Ашық журнал арқылы бағалау өте тиімді әрі ашық және оқушылардың білім деңгейін әділ бағалайды. Сабаққа зерделеу топ мүшелері қатысты. Әр мұғалім оқушыларды жеке жеке бақылап, ұсыныстарын айтты. Сабағымыз музыкамен байланысты болғандықтан мектебіміздің музыка пән мұғалімі, ұлағатты ұстаз Төлегенова Гүлнар апайымыз сабақ бойында оқушылардың айтқан әндерін өзінің музыкалық аппаратымен сүйемелдеп отырды. Музыка туралы мағлұмат беріп өтті. Зерделеу топ мүшесі, ағылшын тіл мұғалімі Сейдахметова Салтанат В деңгейдегі оқушының өте өнерлі екенін айтып өтті. Тарих пән мұғалімі Орынбаева Айтолқын А деңгейіндегі оқушының топта оқушыларды басқаруы, бойында көшбасшылық қасиеттің бар екенін атап өтті. Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Байғараева Әсемкүл Жүнісқызы оқушылардың белсенділіктерінің жоғары болғандығын, музыка әлеміне кіріп, оқушылардың білімімен қатар өнерлерінің де жақсы деңгейде екені туралы пікірін білдірді. Оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.