Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нұр-Сұлтан мен Алматы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер
19
апрель
2022

Нұр-Сұлтан мен Алматы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер



Бөлімі:Сөз және оның мағынасы
Педагогтің аты - жөні:Карабаева Жадыра
Күні 19.04.2022ж
Сынып:1«В»
Пәні Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Нұр-Сұлтан мен Алматы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.
Оқушылардың басым бөлігі:Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, жануарларға арнайы қойылған аттар)
анықтайды.
Кейбір оқушылар: Өздігінен мысалдар айта алады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы:
[media=http://https://youtu.be/FerdcIUyhus]

Психологиялық ахуал
Біз -балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.(Көңіл күйлерінің қандай екенін ағылшын тілінде айтады)
“Пойздың вагондарына жайғасқан сөздер” ойыны. Ойын шарты пойызға тек бас әріптен басталып жазылатын сөздерді ғана жайғастыру қажет Өтілген тақырыпты пысықтау.Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Жақсы көңіл күй қалыптастырады.
Дескриптор:
Пойызға тек бас әріптен басталып жазылатын сөздерді ғана жайғастырады..
Сұрақтарға жауап береді
Бағалау
Үш шапалақ
Сабақтың ортасы
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеуге тырысады.
Оқулықтағы «Нұр-Сұлтан мен Алматы» өлеңін мәнерлеп оқиды. Сөздік жұмысы жүргізледі. Өлеңде аталған қалалар туралы білетіндерін сұрау. Өлеңді хормен оқу. Жеке оқушыларға оқыту.
Автор туралы мәлімет.
Серікбай Оспанұлы 1945 жылы Торғай облысын- дағы (қазіргі Қостанай) Жангелдин ауданының Шилі ауылында туған. Алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі», 1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген.
Дәптермен жұмыс
Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуін қалыптастыру.
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқиды. Жер-су аттарын айтады. Теріп жазады.Парақтағы кеңістікті бағдарлай білу. Жазу жолының жоғары және төменгі
сызықтары мен тік көлбеу сызықтарынан шықпау.
Әріптерді байланыстырып жазу.


Сергіту сәті: Қимылды би
Артикуляциялық жаттығу. «Саңырауқұлақ»
Көркем жазу
Нұр-Сұлтан,Есіл,Атырау,Жайық
[media=http://https://youtu.be/cOa1Zk7BOcA]

3-жаттығу. Қала аттарын атайды. Жер-су аттары бас әріппен жазылатынын айтады.
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау
Сабақтың аяғы
«Үш сұрақ» әдісі
Бүгінгі сабақта не үйрендің?
Сен үшін не қиын болды?
Саған қандай тапсырма қызықты болды?
Үйге тапсырма
Тақтадағы сұрақтарға мұқият жауап береді арқылы жүргізіледі. Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу.
Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Қабілетті оқушыларға:
Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?Оқыту туралы да сабақ беру туралы ойланыңыз
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да сабақ беру туралы ойланыңыз
1:
2:
Сабақ кезінде сынып немесе жекеленген оқушыеың жетістіктері қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақта неге назар аудару
1:
2:



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив