01
сентябрь
2022
"Білім күні" Білімге ұмтылу: еңбексүйгіштік және отаншылдық
Сынып сағатының тақырыбы: Білімге ұмтылу: еңбексүйгіштік және отаншылдық.
(Менің жарқын жазғы оқиғаларым)
Мақсаты:
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Психологиялық ахуал
А) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ә) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындау (музыка қосылады)
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Үй тапсырмасы (6 минут)
А) «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» тақырыбы бойынша жазып келген эсселерін оқиды
Ә) Ауызша әңгімелейді
Б) Бейнероликті көреді
В) Пікір алмасады, кері байланыс береді.
«Қызықты кесте»
Е Ң И С Ч Т
Р Ш Б Е К І
М Е Й Б Х Л
О Т І І В Я
Ь А Р Л І М
П Н І М Қ Ф
-Балалар кестеден сөздер табуларың керек.
Жауап: Еңбек, білім, мейірім, тіл, Отан.
«Кластер» әдісі
«Ой шақыру» кезеңі. Әңгімелесу
Сұрақ – жауап.
1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
4. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Сабақ оқу, мамаларымызға көмектесу.
5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы еңбек жайында болмақ. Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері, байлықты жасаушы. Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» - деп, шегелей түседі. Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.
Ертегі: «Еңбекпен тапқан тиын»
/Грузин ертегісі/
«Еңбекпен тапқан тиын» ертегісін тамашалайық.
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып –қағып , киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :
-Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе
қалдырмаймын. Ол –жалқау. Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:
-Кешке дейін бір жерде бола тұр, - дейді ол баласына. Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң « Мынаны еңбегіме алған едім », - деп әкеңе бер.
Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
-Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.
Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам.Одан да ақшаны жұмыс
істеп тап , -деп ақыл айтыпты.
Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:
-Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, - депті.
Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады
да:
-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап - шалдығып жүріп таптым. Сіз
оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? - деп айқай салыпты.
Сонда әкесі тұрып:
-Бұл ақшаны шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, - депті.
Ертегі бойынша сұрақтар:
1. Қарияның ұлы еңбекқор ма?
2. Қария қандай шешім қабылдады?
3. Анасы ұлына қандай ақыл береді?
4. Өз еңбегімен тапқан алтынын ұлы отқа тастай салды ма? Неге?
Міне, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсатымызға жетеді екенбіз.
«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны
Ендеше, балалар, еңбек, білім туралы мақалдарды еске түсірейік.
1. Еңбектің наны тәтті, . . .
2. Білімді бірді жығады, . . .
3. Еңбек етсең ерінбей, . . .
4. Мектеп – кеме, . . .
5. Кітап - білім бұлағы, . . .
6. Білім- таусылмайтын . . .
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Ән «Болайықшы осындай»
«МАқсатыңа жетудің негізі-ерінбей еңбек ету»
https://youtu.be/gBUQB9kb4v8