Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2022

«Алпамыс батыр» ертегісі бойынша оқушылар конференциясы


«Алпамыс батыр» ертегісі бойынша оқушылар конференциясы
Қатысушылар: 4Ә-сынып оқушылары .
Мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру, ой -өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдауға үйрету, рухани тәлім –тәрбие беру.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өзінің оқыған кітабы туралы ойын айтуға талпынады, оқырмандықтың маңызын түсіне алады, оқушы әр түрлі ситуацияға пікір айта отырып, өзін азаматтыққа, адамгершілікке батырлыққа тәрбиелей алады.
Жоспар.
1. Ынтымақтастық атмосферасын « Менің ең сүікті оқушым»әдісі
2. «Алпамыс» мультфильмінен үзінді көрсету
3. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сұрақ –жауап бөлімі.
4. Көрініс
5. «Спираль» әдісі
6. «Үйге берілген тапсырма» Эссе
7. Ән
Армысыздар, құрметті қонақтар мұғалімдер, оқушылар! Ұлтымызда «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген мақал –мәтел бар. Бес жасқа дейін патшасындай сыйлап, он бес жасқа дейін құлша жұмсап, он бес жастан кейін досыңдай сырласуды өсиет еткен бабаларымыз ерте кезден тәрбиеге үлкен мән бергені барлығымызға аян. Баланың жан-жақты толыққанды дамыған тұлға болып қалыптасуына мектептің де, ата –ананың тәрбиесінің де маңызы зор. Мектептен алған тәрбиесі мен отбасынан алған үлгісін өміріне азық ете білсе –зор қуаныш. Жалпы бала тәрбиесінде мектептің, ата –ананың тәрбиесімен қоса жақсы кітаптың да қосар үлесі де өлшеусіз.
Қанша заман өтсе де, құнын жоймайтын халықпен бірге мәңгі жасайтын шығармалар, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер нақыл сөздер,аңыздар. Мұндай туындыларды бір қаламгердің еңбегі ғана емес «Бір дәуірдің айнасы –бүкіл елдің мұрасы» деген жөн. Бізге бала күннен таныс Алпамыс ертегісі . Бүгінгі конференциямыз Алпамыс батыр туралы болмақ.
Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз ортаға шығып, ынтымақтастық атмосферасын құрып алайық. Ол үшін «Менің ең сүікті оқушым » ойынын ойнаймыз (Қаз қатар тұрасыздар.Менің қолымдағы сандықша ішінде менің ең қымбат сүйікті,ақылды оқушымды көре аласыздар).
Алдымен осы ертегі желісі бойынша . Құрметті қонақтар назарларыңызды экранға аударып «Алпамыс» мултьфильмінен үзінді көрейік.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» (сұрақ –жауап бөлімі)
1. Байбөрінің жақын туысы кім? Құлтай
2. Өзінің ұсқын бітімімен,ұр да жық мінезімен көрген жанды тіскінткендей еді –деген жолдарда кімді суретеді деп ойлайсыңдар? Ұлтан

3. Алпамыс батыр жырының қазақ тілінде қанша нұсқасы бар? 10
4. Алпамыс батырдың тұлпарының аты? Байшұбар
5. Алпамыс батырдың әкесінің аты кім? Байбөрі
6. Алпамыс жырындағы қалмақ батырдың есімі кім? Қараман
7. Байбөрі мен Алпамысқа бата берген кім? Бабатүкті Шашты Әзиз
8. Алпамыстың бауыры қанша жылдан кейін дүниеге келді,есімін ата? 3 жылдан кейін Қарлығаш
9. Алғашқы сапары қайда болды? Қараман батырмен жекпе-жекте
10. Байбөрі кіммен құда болғысы келді? Сарыбай
11. Алпамыстың ұлының есімін ата Жәдігер
12. Тайшық ханмен қатар өскен жолдасы қандай батыр? Таймас батыр
13. Алпамыс батыр жырындағысиқырлы сыбызғышы кім? Кейқуат
14. Алпамысбатырдың кіндік қаны тамған жерді ата Жиделібайсын
15. Алпамыс батыр жырындағы өнерлі баланың есімі? Кейқуат
16. Қаракөздің диуана болу себебі? Алпамысты зынданнан шығару
17. Алпамыстың зынданда жатуына себеп болған кім? Мыстан
18. Алпамыс кіммен айтысқа шықты? Бадамшамен
19. Алпамыстың әйелінің есімін ата Гүлбаршын
20. Алпамыс батырдың анасының есімін ата Аналық
21. Алпамысқа көмектескен кімнің қызы ? Тайшық ханның қызы Қаракөз
22. Байбөрі қанша бай болып дәулеті шалқып жатсада оны не мазалады? Бір перзенттің жоқтығы

Көрініс

5.«Спираль» әдісі
6. «Үйге берілген тапсырма» Эссе
Жазып келген эссені оқу
Ән:
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгінгі оқушылар конференциясына арқау болып отырған « Алпамыс» ертегісі мейірімдікке ,батырлыққа , кішіпейілділікке бала тәрбиесіндегі рөлі зор деп есептеймін.
«Кітап – ғылым-тілсіз мұғалім» дегендей , кітап қай уақытта да адам жанының азығы, білімнің көзі. Тәлім-тәрбиеге, ғибратты әңгімеге бай рухани қазына. Сондықтан бәрімізге әрдайым көркем шығарма,ертегі оқуға шақырамыз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив