11
январь
2024
Кульбаева Эльмира Канатбековна Біріккен сөздер
Сабақтың тақырыбы Біріккен сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 4.4.2.1* күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
Сабақтың мақсаты: күрделі сөздердің түрлерін, біріккен сөздің құрылымдық ерекшелігін ажыратады.
БЫМ (бастапқы ынталандыру материалдары)
Ширату жаттығуы
Мұғалім: Біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз.
1.Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып, өсіп келеді (қолдарын созады).
2. Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды)
3. Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылды (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады)
4. Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
Өткен сабақ пен жаңа сабақ арасындағы байланыс
«Бауырсақ» әдісі
Сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді ашыңдар. (эколог)
1-сұрақ: Күрделі сөз деген не? (Э)
2-сұрақ: Тұрақты сөз тіркестеріне мысал келтір. (К)
3-сұрақ: Күрделі сөздердің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығы неде? (О)
4- сұрақ: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген сөзінің мағынасын түсіндір. (Л)
5-сұрақ: «Мазасыздану» сөзіне сай келетін тұрақты тіркес тауып айт. (О)
6-сұрақ: «Төбе шашы тік тұрды» сөзінің мағынасын түсіндір. (Г)
МТ (мұғалімнің түсіндірмесі)
ЕБҚ оқушыға (есте сақтауы төмен) қолдау көрсетуде иллюстрациялық материалдар ұсынылады;
-Бүгінгі сабақта біріккен сөздерді анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
«Миға шабуыл»
-Эколог деген кім?
Эколог – дүниедегі тірі заттар мен өсімдіктерді зерттеп, беймәлім тіршілік иелері мен өсімдіктерді ашу бойынша зерттеулер жүргізетін адам.
24-жаттығу. Балалардың экологпен сұхбатын сахналап көрсетеді.
-Сонда мұнай өндірудің табиғатқа кері әсерін болдырмау жолы қандай болмақ? сұрағына балалар дереккөздерден іздеп тауып келген жауаптарын береді.
Дәптермен жұмыс
25-жаттығу. Тақтада орындалады.
ЕБҚ оқушыға (ойлау дағдысы төмен) сұраққа жауап беруді ұсынамын.
Берілген мәтіннен қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Жазған сөздеріңді сөз құрамына талдаңдар.
- Әр сөз неше түбірден құралған?
Бақдәулет, эколог, Ақмарал, бозторғайлар, Нұрқанат, Гүлбану.
Бақдәулет= бақ+дәулет
Эко=эко+лог
Ақмарал=ақ+марал
Бозторғайлар=боз+торғай+(лар жалғау)
Нұрқанат=нұр+қанат
Гүлбану=гүл+бану
26-жаттығу.
Өтірік өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.
Сужыланға емделген
Тасбақаны қарсы алдым,
Сексеуілден жемделген
Таскенеге ер салдым.
Біріккен сөздердің астын сызыңдар.
28-жаттығу.
Диалогті жұпта оқыңдар.
-Сендер Ержанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Мәтінде біріккен сөздер кездесті ме? (Ержан, Айгүл)
Парталасыңмен демалыс мәдениетіне диалог құрастырыңдар.
ЕБҚ оқушыға (ойлау дағдысы төмен) тапсырманы орындауда қолдау көрсетемін
Ықтимал жауаптар:
-Алина, демалыс мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
- Нұрсұлтан, мен демалыс мәдениеті дегенді саябаққа, орманға немесе өзенге шомылуға барғанда өзіңді жақсы ұстау деп түсінемін.
-Иә, Алина дұрыс айтасың. Демалыс орындарында көпшіліктің мазасын алмау, тазалықты сақтау сияқты ережелерді естен шығармаған дұрыс
Сабақты қорытындылау «Қарындаш» әдісі арқылы сұрақ-жауап аламын.
- Біріккен сөз деген не?
- Біріккен сөзге мысалдар келтір
- Біріккен сөздер неше мағына береді?
- «Тасбақа» біріккен сөз екенін дәлелде
- Біріккен сөз неше сұраққа жауап береді?
Кері байланыс «Интервью»
-Бүгінгі сабақтан не білдің?
-Сен үшін не қиын болды?
-Саған қандай тапсырма қызықты болды?
Үй тапсырмасы: 27-жаттығу.