Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2022

Кульбаева Эльмира Канатбековна Түбірлес сөздер ашық сабақ

[color=#0000FF]Сабақтың тақырыбы Түбірлес сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақтың мақсаты -тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолданады
- өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу материалын жариялау
«Күн шұғыласы» ойыны.
«Туынды сөз» дегенді қалай түсінесіңдер? Анықтамасы қандай? Мысалдар келтіріңдер.Берілген түбір сөзге жұрнақ жалғап туынды сөз жасаңдар және берілген жұрнақтарға сай келетін түбір сөзді тауып жазыңдар.
Ас
-Аспаз, асхана, астау сөздерін өзара салыстырыңдар.-Олардың түбіріне назар аударыңдар, бұл сөздердің негізгі түбірі қай сөз? Қорытынды жасаңдар.
-Дұрыс айтасыңдар, бұлардың түбірі бір сөз, яғни бұлар түбірлес сөздер деп аталады
Анықтамамен жұмыс:Бір түбірден тараған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды: біл – білім – білімді – білгіш; өнер – өнерлі – өнерпаз.-Ендеше бүгінгі сабақта түбірлес сөздер жайлы тереңірек білу мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі және дәптермен жұмыс жүреді. 22-жаттығу.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар әзірлеңдер.
-Осы мәтінді «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр. Мәтіндердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
-Мына кесте бойынша мәтінді әңгімеле.
- Сурет – суретші, мал – малшы сөздерін өзара салыстырыңдар. Олардың түбіріне назар аудар. Қорытынды жасаңдар
ЕББҚЕО) тапсырма: Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазады
Дескриптор:- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
-Мәтіндерді салыстырып айырмашылығын табады
-Кесте бойынша әңгімелейді
Сергіту сәтінде «Қаражорға» биі.(Ж)
2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүреді. 23 -жаттығу. Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз. Нәресте, сәби, бөбек, балақай, бүлдіршін, бала.10 айға дейін – нәресте10 айдан1 жасқа дейін – сәби1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай- Түбірлес сөздерді тап.
ЕББҚЕО) тапсырма:Жас атауларын өсу ретіне қарай жазады.
Дескриптор:-Жас атауларын өсу ретіне қарай жазады.
-Түбірлес сөздерді табады.
24-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жазыңдар.
Шежіреші* кісі шежіре* айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
- Жаңылтпаштағы түбірлес сөздерді табыңдар. - Түб ірлес сөздердің мағынасын ашыңдар.
ЕББҚЕО) тапсырма: Жаңылтпашты көшіріп жазады
Дескриптор:-Жаңылтпашты жаттап жатқа жазады.
-Түбірлес сөздерді тауып астын сызады.
Шығармашылық жұмыс: Ой,Той,Бас сөздерінен түбірлес сөздер жаса.
Дескриптор: -Берілген сөздерден түбірлес сөздер жасайды
Рефлексия: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.
Оқу тапсырмасы:" 25-жаттығу
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив