06
февраль
2024
Елеуова Гульмира Амангельдиевна
Бөлім Табиғат құбылыстары
Сабақтың тақырыбы Біздің жобамыз
Мұғалім Елеуова Г.А.
Сынып 4A
Күні 06.02.2024ж
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
4.3.1.1 – берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу
Сабақтың мақсаты – берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазады
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Күліп қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
1,2,3 санау арқылы сыныпты үш топқа бөлемін.
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру
«Ғажайып алаң» әдісі
(WOPDWALL-да )
- Жатыс септігі дегеніміз не?
-Көмектес септігінің жалғауларын ата
-Барыс септігінде тұрған сөзді тап (баланың, балаға, балада)
-Септік жалғаулары дегенім не?
-Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
-Ілік септігіндегі зат есімдердің сұрақтарын ата
-Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған зат есімді тап. (Ақбөкендер суаттан су ішеді)
Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстыру
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Біздің жобамыз», яғни біздер септіктер туралы білімізді пысықтаймыз және табиғатты қорғау туралы үндеу жазуды үйренеміз және сипаттау, пайымдау, әңгімелеу мәтіндерін құрастырамыз,
Өлең шумағын айта отырып, қимылдар жасайды.
Топтарға бөлініп отырады.
Сабақтың ортасы
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық диктант
Аралар қанатты жәндіктер . . . қатарына жатады. Олар. . . алты аяғы және антеннасы бар. Гүлдер . . . шырын жинайды.
Көп нүстенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жаз.
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. (ҰЖ)
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып оқыңдар. Септік жалғауын жалғап оқыған сөздерге қай септіктің жалғауы жалғанғанын атаңдар және дәлелдеңдер.
Тіршілікке, суды, судың, дүниені, табиғатты, адамның, ортаны. Мысалы: тіршілікке сөзі Неге? деген барыс септігінің сұрағына жауап беріп тұр, «ке» деген қосымша жалғану арқылы жасалған.
2-тапсырма. Топтық жұмыс
1-топ: Плакатка қоршаған ортаны қорғауға арналған үндеу жазыңдар.
2-топ: Табиғатты қорғау туралы әңгімелеу мәтінін құрастырыңдар.
3-топ: Табиғатты қорғау туралы пайымдау мәтінін құрап жазыңдар.
Болған жұмыстарыңды қорғаңдар.
Дескрипторы
1-топ:
- қоршаған ортаны қорғау туралы үндеу жазады-1б
-ойын толық жеткізеді -1б
- қатесіз, сауатты жазады -1б
2-топ:
-тақырыпқа қатысты құрылымын сақтай отырып әңгімелеу мәтінін жазады -1б
- қатесіз, сауатты жазады -1б
-ойын толық жеткізеді -1б
3-топ:
-тақырыпқа қатысты құрылымын сақтай отырып пайымдау мәтінін құрайды -1б
- қатесіз, сауатты жазады -1б
-ойын толық жеткізеді -1б
Сергіту жаттығуы «Қимылды қайтала»
3- тапсырма. «Керісінше сөзжұмбақ». Сөзжұмбақта берілген жауап сөздердің сұрақ тапсырмаларын жазыңдар.
1-топ: Сөзжұмбақтың көлденеңінен берілген бөлігіне сұрақ-тапсырмасын жазыңдар.
2-топ: Сөзжұмбақтың тігінен берілген бөлігіне сұрақ-тапсырмасын жазыңдар
3-топ: Берілген мақалдардан септік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, дәлелдеңдер.
А) Жел дауылды шақырады,
Бұлт жаңбырды шақырады.
Ә) Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Дескрипторы
1-2 топтар:
- Сөзжұмбақтың көлденеңінен, тігінен берілген бөлігіне сұрақ-тапсырмасын жазады-1б
-жұмысты қорғайды-1б
3-топ:
- мақалдан септік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, дәлелдеңдер-1б
- жұмысты қорғайды-1б
Үйге: Септік тақырыбына осындай бет құрастыру үшін дереккөздерден әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде берілген көркем шығармалардан материалдар жинақтап келу.
Сабақтың соңы
Қорытындылау
«Пазл» әдісі бойынша септіктер мен сұрақтарын қиюластыру арқылы сабақты қорытындылаймын.
Кері байланыс
«Аяқталмаған сөйлем»
1. Мен сабақта … жұмыс істедім.
2. Мен сабақта өз жұмысымда …
3. Сабақ мен үшін … көрінді.
4. Сабақ үшін мен…
5. Менің көңіл-күйім…
6. Сабақтың материалы маған...