07
февраль
2024
Елеуова Гульмира Амангельдиевна
Бөлім Табиғат құбылыстары
Сабақтың тақырыбы Қорытындылау
Мұғалім Елеуова Г.А.
Сынып 4A
Күні 07.02.2024ж
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару
Сабақтың мақсаты Комбинаторлық есептер жөнінде түсініктерінің болады.
«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығарады
Құндылықтарды дамыту Табиғатты қорғау, адамгершілік, тапқырлық, қамқорлық, мейірімділік
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минут Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Күліп қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
«Мен бастаймын, сен жалғастыр» әдісі
(WOPDWALL-да )
-Жылдамдықты табу үшін . . . (қашықтықты уақытқа бөлеміз)
-Қашықтықты табу үшін . . . (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)
-Уақытты табу үшін . . . (қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)
-Көбейткіштердің орны ауысқанымен . . . (көбейтіндінің мәні өзгермейді)
-Есептеуді қажет етпейтін есептер де болады. Мұндай есептерді . . . (логикалық есептер деп атайды)
-Комбинаторлық есептер дегеніміз . . . (есепті шығару барысында берілген нысандардан әртүрлі комбинация құруға және комбинациялардың санын санауға тура келетін есептер)
Сабақ тақырыбы және сабақ мақсатымен таныстырамын.
Бүгін сендер таңдап алу тәсілімен комбинаторлық есептер шығаруды және логикалық есептер шығаруды үйренесіңдер.
Өлең шумағын айта отырып, қимылдар жасайды.
Сабақтың ортасы
35 минут Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Тақтада орындалады.
Арман 4 ерекше өсімдік туралы ақпарат тапты. Бірақ сабаққа тек 2 өсімдік туралы ақпарат апаруы тиіс. Екі өсімдікті таңдаудың неше нұсқасы бар? Өсімдік атауының бірінші әріптерімен белгілеп, барлық нұсқаларды жаз.
Баобаб- Б, Айдаһар ағашы-А, Калифорния секасиясы-К, Романеско орамжапырағы-Р.
Жауабы:
1) БА 4) АК
2) БК 5) АР
3) БР 6) КР
Дескрипторы
-өсімдікті таңдаудың неше нұсқасы бар екенін анықтайды-2б
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Бір жұп тақтада көрсетеді. (ауызша)
Болат пен Cерік «Өсімдікті ата» ойынын ойнады. Ойын үш рет жеңгенге дейін жалғасады. Ойын ойыншылардың біреуінің жеңуімен, жеңілуімен және тең түсуімен аяқталуы мүмкін. Ойында жеңудің, жеңілудің және тең түсудің неше нұсқасы бар?
Жауабы: 4 нұсқасы бар.
№ Болат Серік
1 3 0
2 3 1
3 3 2
4 2 2
Дескрипторы
-тең түсудің нұсқаларын көрсетеді-2б
Шығармашылық жұмыс
3-тапсырма
Кез келген бір таңбалы төрт сан ал. Олардан барынша көбірек екі таңбалы сан құрастыр.
1, 6, 8, 9
11, 16, 61, 18, 81, 19, 91, 66, 68, 86, 69, 96, 88, 89, 98, 99,
Жауабы: 16 екітаңбалы сан құрауға болады.
Дескрипторы
-екі таңбалы сандар құрастырады-2б
Математикалық сауаттылық тапсырмасы. Өзіндік жұмыс.
Терезе алдында сары, қызыл, көк түсті үш ыдыста гүл өсіп тұр. Айна Арманға бір ыдыстағы гүлді, ал Әлияға басқа ыдыстағы гүлді апаруы керек. Айна мұны неше тәсілмен орындай алады?
Сары- С Қызыл-Қ Көк-К
№ Айна Арман
1 Сары Қызыл
2 Сары Көк
3 Қызыл Сары
4 Қызыл Көк
5 Көк Қызыл
6 Көк Сары
Амалдардың орындалу ретіне байланысты видеосабақ көрсетемін
https://youtu.be/sb8Rzazbqbk
5-тапсырма.
Өрнектер құр және олардың мәнін тап.
(78 965 + 774 220) : 69 = 12 365
1) 78965+774220=853 185
2) 853 185 : 69=12 365
741 255 : (490 : 98) = 148 251
1) 490:98=5
2) 741 255 : 5= 148 251
580 000 : (1 725 :69)=23 200
1) 1725:69=25
2) 580 000 : 25=23 200
17 • (58 021 – 7 875) = 852 482
1) 58 021 – 7 875=50 146
2) 17 *50 146=852 482
(10 143 :60)*(65 000-64 902)=1 725
1)10 143:60=16 905
2) 65 000-64902=98
3) 16 905:98=1 725
98 • (11 856 : 26) = 44 688
1) 11 856 :26=456
2) 98*456=44688
Дескрипторы
-өрнектер құрады -1б
- мәнін табады-1б
6-тапсырма. Жеке жұмыс
0, 1, 2 және 3 цифрларын пайдаланып, барынша көбірек екі таңбалы сан жазу керек. Цифрлар қайталануы мүмкін.
Жауабы: 12 екітаңбалы сан жазуға болады.
бірліктер
ондықтар 0 1 2 3
1 10 11 12 13
2 20 21 22 23
3 30 31 32 33
Дескриптор:
-екі таңбалы сандар құрайды-1б
7-тапсырма. (Ауызша)
Балалар конструктор бөлшектерінен үш қамал тұрғызды. Егер Бауыржан өзінің қамалын Арманның қамалының үстіне қоятын болса, ол ең биік қамал бола ала ма?
Жауабы: бола алады.
8-тапсырма
Есептің шартын оқы. Есеп бойынша құрастырылған графикке қарап, есептің шартымен сәйкессіздікті анықта. Есептің шартына түзету жаса.
Арақашықтығы 45 км болатын екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта жаяу жүргінші мен велосипедші жолға шықты. Велосипедшінің жылдамдығы – 10 км/сағ. Егер олар 2 сағаттан кейін кездескен болса, онда жаяу жүргінші қандай жылдамдықпен жүрген?
Ш: сызбада уақыты 3 сағат деп көрсетілген, яғни есепте 2 сағ дұрыс емес.
10км\саг*3саг=30км
45км-30км=15км
15км:3саг=5км
Ж: 5км
Дескриптор:
-есептің шартын түзете алады-1б
9-тапсырма. Ауызша тақтады қызыл, көк магниттердің көмегімен орындалады.
ЕББҚ оқушыға тапсырма:
Зерттеу жұмысын жүргіз.
Екі қызыл және екі көк шарикті бір қатарға неше тәсілмен орналастыруға болады? Шариктердің түсінен басқа ешбір айырмашылығы жоқ.
1) ҚКҚК 4) ККҚҚ
2) КҚКҚ 5) ҚҚКК
3) ҚККҚ 6) КҚҚК
Жауап: 6 нұсқада орналастыруға болады.
Үй тапсырмасы: 10-тапсырма
Сабақтың соңы
5 минут Қорытынды
«Кім жылдам?» ойыны
Суретті кеспелердегі сұрақтарға жауап алу арқылы сабақты қорытындылаймын.
Кері байланыс
«Аяқталмаған сөйлем»
1. Мен сабақта … жұмыс істедім.
2. Мен сабақта өз жұмысымда …
3. Сабақ мен үшін … көрінді.
4. Сабақ үшін мен…
5. Менің көңіл-күйім…
6. Сабақтың материалы маған...