17
апрель
2024
Кульбаева Эльмира Канатбековна Экологпен сұхбат
Экологпен сұхбат
Даниял: – Сіз бала кезіңізде кім болам деп армандадыңыз?
Эколог:
– Мен бала кезімде табиғат жанашыры – эколог болсам деп армандадым. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезімде әкем «Экология әліппесі» деген кітап сатып әперді. Алғаш рет экология табиғаттың әр алуан өзгерістерін зерттейтін ғылым саласының бірі екенін және табиғатты аман сақтаудың жолдарын эколог маманы жүзеге асыратынын сол кітаптан оқып білдім. Мектептегі жас экологтер үйірмесіне қатысып, «Балықтар мен бозторғайлар неге қырылды?» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргіздім. Тақырыбыма қажетті материалдарды жинақтап, талдау жасадым. Нәтижесінде қалалық «Мен әлемді танимын» конкурсында жеңімпаз атандым. Сол күннен бастап«эколог болсам» деген асыл арман жүрегімнен орын алды.
Эколог:
-Эколог деген кім?
Анел:
Эколог – дүниедегі тірі заттар мен өсімдіктерді зерттеп, беймәлім тіршілік иелері мен өсімдіктерді ашу бойынша зерттеулер жүргізетін адам. Әлемге белгілі және біз күн сайын білетін жаңа ақпараттардың көпшілігі экологтар жүргізген зерттеулер мен сараптамалардың нәтижесінде пайда болды.
Айбике: – Сонда мұнай өндірудің табиғатқа кері әсерін болдырмау жолы қандай болмақ?
Эколог: Оны оқушылардан сұрап көрейік.
Медина
Біздің ғаламшардың экологиялық жағдайы – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Мұнайды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және пайдалану, адамзатқа үлкен пайда әкелгенімен, қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Рамазан
Ғалымдардың айтуынша, автокөліктегі жанармайдың толық жанбай қалған өнімдері, қаладағы тұманның пайда болуына себеп болды. Бұл қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төңдіреді.
Ақмарал
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау кезінде болатын апаттар, экологияға үлкен зияның тигізеді. Мұнай судан жеңіл болғандықтан, жұқа қабықша түрінде үлкен аумаққа таралады. Оның теңізге төгілуі, сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың және балықтардың жаппай қырылуына әсер етеді.
Мұхаммед
Көптеген ғалымдардың пікірінше, мұнайды өндіру және пайдалану кезінде атмосфераға көптеген газдар шығарылады. Бұл газдар атмосфераның жоғарғы қабатында жиналу арқылы, планетаның температурасының жоғарылауына ықпал етіп, ғаламдық жылыну проблемасына әкеп соғады. Нәтижесінде, мұздықтар еріп, жердің едәуір бөлігін су басуы мүмкін.