Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2024

Елеуова Гульмира Амангельдиевна

«Заманауи мұғалімді кәсіби дамыту негізінде зерттеу сабақтарын талдауға жаңа ұсынымдар» тақырыбында мектеп тренерлері Ысмағұл Л. мен Елеуова Г. коучинг өткізді. Мақсаты «Мұғалімдердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау, педагогикалық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісу, оқу үдерісін жетілдіру және дамытуда ЛС тәсілі туралы ақпараттармен бөлісе отырып, зерттеу сабақтарын жоспарлау». Түйінді сөзі «Бірге жиналу - бұл бастама, бірге болу-бұл ілгерілеу, бірге жұмыс істеу - бұл жетістік». Коучтер әріптестерімен сәлемдесіп, «LS, АВС, Зерттеу, Бақылау» сөздері арқылы мұғалімдерді төрт топқа бөлді. Бірінші топқа «LS дегеніміз не? Ол туралы не білеміз? Оны не үшін пайдалануға болады?», екінші топқа «LS үдерісінің кезеңдері қандай? Кезеңдерде қандай іс әрекеттер орындалады?», үшінші топқа АВС оқушыларды бақылау қалай жүргізіледі? Неге мән беру керек?, төртінші топқа «LS зерттеу сабағын қалай жоспарлайсыз? Жоспарлауда нені ескеру керек?» деген сұрақтар берді. Топтар өздеріне берілген сұрақтар бойынша пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. АКТ көмегімен бүгінгі LS зерттеу сабақтары жайлы алған ақпараттары мен бұрынғы білімдерін қолдана отырып тест тапсырмаларын орындады. Тесттен жоғары балл жинаған жеңімпаздарды «Үздік зерттеуші», «Үздік көшбасшы», «Кемеңгер ұстаз» номинацияларымен марапаттады. «Сабақтың сәтті болу құпиясы мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына осы үздік сабақтың алты белгісі маңызды. Оқыту үшін бағалау, талқылаулар, оқытудың сараланған мақсаттары, топтық талқылау - алға қойған мақсаттарыңыз, яғни мақсатқа жетудің жолдары, бірақ мақсаттың өзі емес» - деп коучингті қорытындылады. «Зерттеу сабақтарын параллель сыныптарда жүргізу, зерттеу тобын құруда саналылық, жауапкершілік, коллобаративті орта қалыптастыру, шынайылық, нақтылық критерийлеріне сүйену, зерттеу қорытындысын мектеп ұжымымен бөлісу және тәжірибе алмасу» т.б. ұсынымдар айтылды. Соңында «ПОПС» кері байланысын алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив