11
декабрь
2023
Елеуова Гульмира Амангельдиевна
Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде инновациялық тәсілдер білім беру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Оқу процесінде инновациялық технологияларды оқытудың техникалық құралдарымен кіріктірсе, онда оқытушы білім алушының оқу жағдайын өнімді етеді. Ол үшін оқытудың инновациялық технологиясына сәйкес техникалық құралды дұрыс таңдап алуы, сабақ жоспарын жаңа технология талаптарына сай құра білуі, тапсырмаларға сәйкес техникалық құрал қажеттілігін дұрыс жіктей алуы, сонымен қатар, өткізілген жаңа сабақтан нақты қорытынды мен нәтиже көрсете алуы тиіс. Қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген инновациялық технологиялардың түрлері білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған және арнайы бекітілген оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің типтік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ж.А. Қараев технологиясы – дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытады. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейіне сәйкес білім алуына кепілдік береді.
Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды білдіреді.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда «Миға шабуыл», «Топтық тергеу», «Джиксо», «Айналмалы бекет», «Өкіл», «Галереяны шарлау», «Ыстық орындық», «Кластер», «Ұқсастық пен даралық» әдістері жиі қолданылады.
Ұсыныс: Бастауыш сынып пәндерін оқытуда қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырып, өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуына, оқу материалын тиімді меңгеруіне көмектеседі.