20
ноябрь
2023
Елеуова Гульмира Амангельдиевна «Бастауыш сыныпта интербелсенді оқыту формалары мен әдістері»
«Бастауыш сыныпта интербелсенді оқыту формалары мен әдістері»
Интербелсенді әдіс деген не?
Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім беру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген « inter»- «өзара» мағынасында, «act»- «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды сияқты машықтарға үйренеді:
*терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
*өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
*ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін алу;
*ақпаратты жан-жақты талдау;
*өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
*оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
*пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
*басқа да балама пікірлерді ескеру;
*шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
*ортақ жұмысқа жұмыла білу;*басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
*үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральды ережелерді қабылдау;
*оқушы топты ұжым ретінде қабылдайды;
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.