Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елеуова Гульмира Амангельдиевна С.Мұратбеков «Жусан иісі». «Аян-менің сүйікті кейіпкерім»
26
январь
2024

Елеуова Гульмира Амангельдиевна С.Мұратбеков «Жусан иісі». «Аян-менің сүйікті кейіпкерім»

[b]С.Мұратбеков «Жусан иісі». «Аян-менің сүйікті кейіпкерім»
Мақсаты:[/b]
а) Кітап оқу арқылы ақыл – ойларын, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту;
ә) Аянның өмірін әңгімелеу арқылы кітап оқуға құштарлығын арттыру;
б) Адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Ресурстар: интерактивті тақта, суреттер, бейнебаян, слайдтар, сұрақтар, кітаптар көрмесі, тренинг, оқырман күнделігі

Жоспары
1. Тренинг
2. «Автор үшін алты сұрақ”
3. Кейіпкерлерге талдау
4. Кім? Қашан? Қайда?
5. Пікірлесу бөлімі «Қалай ойлайсыңдар?»
6. Оқырман күнделігі

Мұғалім:
Армысыздар, құрметті оқушылар! Ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы - кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Білім көзі – кітапта.
«Аян-менің сүйікті кейіпкерім» атты жас оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

1.Тренинг:
«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.
Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, мұғалім қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.
1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;
2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды;
3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.

С. Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян
YouTube https://youtu.be/a9vLsgPa-fg?si=rFroVQVkpErRDp8n

2. «Автор үшін алты сұрақ”
1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)
2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді? ( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)
3) Қай салада қызмет етті? (Мұғалім)
4) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды? (1954жылы)
5) Қандай шығармаларын білесіңдер?
6) Сайын кімнің тәрбиесінде болды? (атасының)
3. Менің сүйікті кейіпкерім
1) Кейіпкерлермен танысу
• Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін, шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
• Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
• Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
• Қосым - Аянның досы. Өзінің "Тырнауық Қосым" деген атымен белгілі. Тырнауық дейтін себебі төбелескенде үнемі баж етіп бетті тырнайтын. Одан ауылдын көп баласы қорқатын еді. Оған тек Есікбай тік келе алатын.
• Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
• Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер.
• Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған, көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
• Сайын Мұратбеков- ақкөңіл, мейірімді, Аянның жақын досы.
2) Кітаптың қысқаша мазмұны
3) Аянға мінездеме

(Аян ақкөңіл, ақылды, әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін, момын. Өте зерек. Ол ең бірінші хат танып, балаларға күші келгенше көмектескен, қайырымды бала. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермейді.)
4. Кім? Қашан? Қайда?
Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.
1) - Әй, анау кім, ей? (Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)
2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)
3) - Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой (Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)
4) – Тұра ғой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін (Есікбайдың анасының сөзі, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі)
5) – Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылбек шалдың айтқан сөзі)
6) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)
5. Пікірлесу бөлімі «Қалай ойлайсыңдар?»
1) Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады? (Өйткені Аянның үстінен жусанның иісі шығып тұратын. Оның әкесінің шапанына жусанның иісі сіңіп қалған. Аян әкесінің шапанын киіп жүретін)
2) Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде? (Аянның өзі жетім болғандықтан)
3) Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берілмейді?
Қорытынды: «Кітап» сөзі араб тілінен шыққан. Қазақша «жазу», «жазба» деген мағына береді. Кітап бізді неге үйретеді?»
• Кітап – адам баласын тек жақсы қасиеттерге жетелейді.
• Кітап – дүниенің қыр-сырын танып білуге көмектеседі.
• Кітап – адамды мейірімділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа үйретеді.
• Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын білім мен тәрбие беретін құрал.
• Кітап – адамның танымдық қабілетін арттырып, рухани дүниесін байытады.
• Адам баласы ғылым мен білімді, өнер мен өнегені кітаптан алады.
Сондықтан «Кітап – жан азығы» деп бекер айтылмаған. Кітапты көп оқыған адам ғана білімді болады. Ал білімді болсаң елге сыйлы боласың. Сол себепті баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив