Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Ең ақылды оқушы" сыныптан тыс жұмыс
13
декабрь
2023

Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Ең ақылды оқушы" сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» интелектуалды ойыны
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылығын, әр пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, тәжірибеге қажетті құралдар, жалаушалар
Барысы:
І. кезең «Бәйге»
ІІ. кезең «Мозайка»
ІІІ. кезең «Ұйқасын тап»
ІY. кезең «Математикалық жұмбақтар»
Y кезең «Жүйрік ой»
YІ кезең «Суреттер сөйлейді»
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер мен оқушылар. Бүгінгі 4А -сынып оқушыларының «Ең ақылды оқушы» атты интелектуалды сайысына қош келіпсіздер.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
Әділ - қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
І кезең «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық.
1-оқушы
1. Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)
2. Көктемнен кейін қай мезгіл келеді? (жаз мезгілі)
3. Cөзде қанша буын болады?
2-оқушы
1. Бір аптада неше күн бар? (7 күн бар)
2. Жұмадан кейін қай күн келеді?(сенбі күні)
3. Әріп дегеніміз не? (әріпті көреміз, жазамыз)
3-оқушы
1. Бір жылда не ай бар? ( бір жылда 12 ай бар)
2. Көктем айларын ата. (Наурыз, Сәуір, Мамыр)
3. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
4-оқушы
1. 3 буынды сөзге мысал келтір. (балалар)
2. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естейміз, айтамыз)
3. 7 санының көршілес сандарын ата. (6 және 8 сандары)
5-оқушы
1. 2 буынды сөзге мысал келтір. (дәптер)
2. 5 пен 9- дың көбейтіндісі (45 )
3. Адамның көңіл күйіне байланысты айтылатын сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
6-оқушы
1. 1 буынды сөзге мысал келтір. (ай, күн, жыл, нұр)
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
7- оқушы
1. Өсімдіктің топырақ астындағы мүшесі
2. Көбейтудің компоненттері
3. Азайтуға кері амал
ІІ кезең «Мозайка»
Білімді тұрады жарасып,
Болашақ әлемге жол ашып.
Өзінің білімін танытар,
Келесі кезеңге жол ашық.
Ертегі суреттерін құрап қағазға жапсырып шығады. Ертегінің тақырыбын, мазмұны бойынша қысқаша айтып береді.
ІІІ кезең «Ұйқасын тап»
Бір кезде білімнен от алған,
Көрінер ізденген топ алдан.
Келесі кезең де басталар,
«Жүйрік ой» деп аталған.
Бұл бөлімде берілген өлең жолдарының ұйқасын табасыңдар.
1) Өзiнше ноян,
Қорқақ кiм?.. (Қоян)
2)Тұмсығымен шымшып,
Құрт тередi… (Шымшық)
3) Бата алмас түлкi,
Үстi тiкен… (Кiрпi)
4) Көз алмай күнге алыс,
Қарайды… (Күнбағыс)
5) Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты… (Жолбарыс)
6) Алмастан тыным,
Шабады… (Құлын)
ІV кезең «Математикалық жұмбақтар»
Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табарсың.
1 – сұрақ:
Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Жауабы: сегіз
2-сұрақ: 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?
Жауабы: 2 сағат ойнайды
3-сұрақ: . Қояндар тұрған тордан 10 құлақ шығып тұр. Торда неше қоян бар?
Жауабы: 5 қоян
4-сұрақ: 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығыш, 2 сужылан ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр?
Жауабы: 4
5-сұрақ
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
Жауабы: жеті
V кезең «Фигуралар сөйлейді»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын – деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Бұл кезеңде фигураларды атайды және фигуралардан сурет салады.
Қорытынды:
Ән. Орындайтын 4-сынып оқушылары.
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
“Білімді оқушы” атанып,
Жеңістің шыңына шығайық
Жеңімпаз оқушыны марапаттау үшін сөз әділ қазы алқасына беріледі.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив