09
февраль
2024
Елеуова Гульмира Амангельдиевна «Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып тапсырманы үйлестіру жолдары»
[font=Times New Roman]Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру
[size=6] Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру[u][/u]
«Үш жұлдызша» әдісі
Бұл жаттығулардың мағынасы- топтағы адамдардың бір-біріне сенімділігі, сыйластығы артады, бұл топта жұмыс істеуде өзара сенімділік пен таныстық үшін керек. Семинарға қатысушылар кезекпен үш жұлдыздың кескінін басып өтеді:
1-жұлдызда аты-жөнін айтады.
2-жұлдызда қай мектептен келгенін, пәнін және қай сыныпқа сабақ беретінін айтады.
3-жұлдызда бір әдемі тілегін айтады.
Топтарға бөлу
1, 2, 3 сандары арқылы топқа бөлу.
Миға шабуыл
-ЕББҚ оқушылар дегеніміз кімдер?
Мұғалімдердің жауаптары тыңдалады.
Таныстырылым
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бұл . . .
*Дене бітімі, психикалық ерекшеліктері, қабылдауы, мінез-құлқы бұзылған;
*Созылмалы аурулары бар, ауруханада не үйде емделіп жүрген балалар;
*Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан немесе жетім;
*Әскери жанжалдар аймақтарынан шыққандар, босқындар, қоныс аударғандар т.б.
Талқылау сұрақтары:
-Бұдан басқа тағы қандай балаларды ЕББҚ оқушы деп айтуға болады?
-Оларға педагогикалық қолдауды қалай көрсетеміз?
Тәжірибемен бөлісу
-Сыныбыңызда мұндай балалармен қалай жұмыс жасап жатырсыздар? Қандай тапсырмалар бересіз?
Мұғалімдердің жауаптары тыңдалады.
Тренер:
-Бүгін біз есте сақтау деңгейі төмен, қабылдауы мен ойлау деңгейі төмен, «н» мен «ң» әріптерін дұрыс айта алмайтын және жаза алмайтын балалардың қажеттеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрайтын боламыз.
Практикалық тапсырма
Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз
7-жаттығу
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі:
-Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе,- деді.
-Қайда барамыз, көке?- деді Кәкен.
- Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.
-Баба деген кім ол, көке?
-Бабаң – әкеңнің атасы, атаңның әкесі.
*Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Соған байланысты өз ойыңды білдір.
*Мәтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді тап.
«Мен, сен, біз» әдісі
«МЕН» - берілген тапсырманы жеке зерттеймін.
«СЕН»- жұпта ақпаратты талқылаймын.
«БІЗ» – берілген тапсырманы топпен бірлесіп, оқушыларды оқытуға арналған практикалық жаттығулар әзірлеймін.
І топ: Мәтін бойынша есте сақтауы төмен деңгейдегі оқушыға тапсырма дайындаңыз.
ІІ топ: Мәтін бойынша қабылдауы мен ойлау дамуының төмен деңгейіндегі оқушыға тапсырмалар дайындаңыз.
ІІІ топ: Мәтін бойынша «н» мен «ң» әріптерін дұрыс айта және жаза алмайтын оқушыға тапсырма дайындаңыз.
Болған жұмыстарын ортаға шығып таныстырады.
Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын береді.
Педагогке көмек (интерактивті тақтадан көрсетемін)
Н мен Ң-ды ажыратудың ең тиімді 3 жолы
1. Дыбыстарды айтқан кезде, оның қалай жасалғанына, яғни ауаның ауыз қуысынан қалай шыққандығына мән беріңіз.
2. Дыбыстарды жеке-жеке бірнеше рет қайталап айтыңыз.
3. «Ң» дыбысы сөздерде аз кездеседі, сол себепті мұндай сөздерді жаттап алыңыз.
Есте сақтау қабілетін арттыратын жаттығулар
«Оғаш зообақ»
[left][/left]
Сіздің алдыңызда әртүрлі жануарлар, жәндіктер тағы басқа тірі организмдер. Сіздің барлығымен танысу үшін бар болғаны бір минутыңыз бар. Уақыт өткен соң, суретті алып тастаңыз...
Енді, жоғарыдағыларды алфатит ретімен жазып шығыңыз.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
«Ұқсас суретті тап»
Мұғалімнің алдында қос – қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шыршы, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр – түсін сипаттап Әңгімелеп береді.
Қорытындылау
«4 Қ» кері байланысы
Мұғалімдер бүгінгі коучингтен алған әсерлері мен білгендерін, тиімді болған/болмағанын әңгімелейді.