Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елеуова Гульмира Амангельдиевна «Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры»
22
апрель
2024

Елеуова Гульмира Амангельдиевна «Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры»

«Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры»
(сыныптан тыс жұмыс)


Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш елшісі, қоғам қайраткері, алаштың ардақтысы-Н.Төреқұлов өмірі мен қызметі, ғылымға қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру;
Жоспары
1. Н.Төреқұловтың өмірі
2. Н.Төреқұловтың қызметі
3. Режиссер Болат Шәріповтың “Өкілетті елші” деректі фильмі
4. Нәзір деп жырлаған ақындардың өлеңдері
Жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаңдақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі - Нәзір Төреқұлов.
1-оқушы:
Тұңғыш кеңестік қазақ-елшісі Нәзір Төреқұлұлы Төреқұлов 1892 жылы Түркістан өңірінде мақта саудасымен айналысатын дәулетті отбасында дүниеге келді. Әкесі Төреқұл заң және сауда қызметкері. Анасы Гүлбаһрам - тәжік қызы - аса діндар адам болған. Төреқұлдың үш баласының тұңғышы Нәзір, екінші ұлы Әбдіқадыр және Фатима атты қызы болды. Балалық, жастық шағын Қоқан қаласында өткеріп, осындағы медреседе, орыс–түзем мектебінде оқып, 1913 жылы Қоқан коммерция училищесінің сегізінші класын ойдағыдай аяқтаған Н.Төреқұлов, Мәскеу коммерция институтына оқуға түседі. Мұнда экономикалық пәндерді оқып үйренумен қатар, Нәзірдің өзі бала жасынан зор қабілеттілігін танытқан шет тілдерді үйренудің жаңа мүмкіндігі туды. Орыс және түрік тілдерін жетік біліп, француз бен неміс тілдерінде еркін сөйлей алатын дәрежеге жетті. Н.Төреқүлов - қоғам қайраткері, әдебиетші, сыншы, ақын, ғалым, дипломат.
2-оқушы:
Нәзір-дипломат. Н.Төреқұловтың Қазақстанның дипломатиялық және саяси өмірінде үлкен рөлі бар. Ол ақиқат нәрсе. Оның есімі Таяу Шығыс елдер дипломаттары, араб тарихшылары арасында кеңінен тараған. Қазақстан дипло¬матиясының жарық жұлдызы, саясаткер Н.Төреқұловтың алтын есімін әлемдік аре¬наға алып шығуда тарихшы-дипломат, танымал ғалым, мемлекет қайраткері Т.Ман¬¬сұровтың еңбегі ерекше. Ол архив де¬реꬬтеріне, дипломатиялық хат-қағаздар мағлұматтарына сүйене отырып, тұңғыш рет Нәзіртануға тың тараулар қосты. Оның «Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны» түрік, қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде бір мұқабаға жинақталып, Мәскеуде жарық көрді.
3-оқушы:
Нәзір- ең алдымен революционер. Патша самодержавиесінің озбырлығына, бұратана елдерге жасаған қысастығына өштігі оны 1916 жылы Батыс майданына, қара жүмыста жүрген түркістандықтардың ортасына апарған. Нәзір Ұлы Октябрь революциясын Торғай даласында қарсы алды. Бұдан былай большевиктер сапында қимыл жасайды.
4-оқушы:
Нәзір-әдебиетші. Нәзір, 1917-1920 жылдары үгітшілік, сауат ашу т.б. идеологиялық жұмыстармен айналысып, «Қазақ мұңы», «Халық газетасы», «Янги шарқ» газеттеріне редакторлық жасады. Түркістан түлегі-Нәзір Төреқұлов қазақ әдебиетінің Сәкен Сейфуллиндей, өзбек әдебиетінің Чулпондай, Абдолла Қадыридей айтулы тұлғаларымен аяусыз сынасқан, тәжіктің Садриддин Айнидей қаламгері кітабына алғысөз жазған, атақты түрколог Бартольдтың Түркістан туралы еңбектерін ғылыми саралаған сарабдан сыншы. Нәзір - білімдар әдебиет сыншысы болатын.
5-оқушы:
Нәзір - ақын. Нәзір Төреқұлов - үлкен қаламгер. Жастай жалындап өлең жазған ол аласапы¬ран уақытта Торғайға барып «Қазақ мұңы» газетін шығарды. 1916 -1917 жылдары тол¬қыған Торғай күрескерлер шоғырланған төңкерісшіл ойдың бесігі болғаны өздеріңізге мәлім. Демек, Торғайда демократияшыл ойға рухани тамызық берген, қоғамдық ой¬дың қозғаушысына айналған тұлға - Нәзір Төреқұлов! Ташкентте «Темірқазық» журналын ұйымдастырып, шығарып тұрды. Қаламы ұшталып, ойы толысқан ол қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде халықтың көкейкесті мәселелерін қозғап көптеген мақалалар жазып, жариялады. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулық жазды. Өмірінің соңында түрік тілдерін салыстыра мор¬фологиялық зерттеу жүргізді. «Түрік халықтары кіндік баспасы» бас редакторы кезінде 12 тілде кітаптар ұйымдастырып, басып шығарып отырды.
6-оқушы:
Нәзір-ғалым. Москваның жоғары оқу орындарында шығыс тілдерінен сабақ береді, ғылыми еңбектер жазды. Оның «Бұхара Советтік Халық Республикасы», «Қоқан автономиясы», «Ферғана мәселесі» деген тарихи шығармалары бар. Өзбек мектебі үшін алғашқы оқулықтар жазды. 1923 жылы «Темірқазық» журналын шығара бастады. Нәзір Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін «ана тілім» деп білген, татар, баш¬құрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерінде оқыған, ағылшын тілін білген, аз уақытта араб тілін игерген – полиглот азамат, игерген білімін іске жаратқан үлкен оқымысты ғалым. 1926 жылдың наурызында Бакуде өткен І Бүкілодақтық түркітанушылар съезінде түркі тілдес халықтар бірі екіншісімен тілдескенде, өзара тез түсінісіп, бауырлас халықтар екендігін сезіне білулері үшін ортақ жазба қарпі қажеттігі алғаш рет көтерілген болатын. Бұл съездің жұмысына 131 түркітанушы ғалым, мұғалім, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мемлекет және қоғам қай¬раткерлері, т.с.с. қатысқан болатын. Осы съезде түркі тілдес халықтардың жазбасын араб әліппесі негізінде жасақтауды жақтап сөйлеген кейбір ұлт өкілдерінің пікірлерін сынап, түркі тілдес халықтардың барлығының бір қаріпті – латын қарпін қабылдауын негіздеп сөйлегендердің бірі Нәзір Төреқұлов болды.
Жүргізуші:
2011 жылы Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген режиссер Болат Шәріповтың “Өкілетті елші” атты Н.Төреқұлов жайында деректі фильмі жұрт назарына ұсынылды. Фильмде елшінің Ке¬ңес Одағы кезінде сіңірген еңбегі, Ислам әлеміндегі алғашқы елші ретіндегі рөлі айтылады. Фильмде өзіміздің, Ресейдің мұрағаттық материалдары пайда¬ланылған, сонымен қатар, түрлі дерек¬тер Т.Мансұровтың Нәзір Төреқұлов жайында жазылған еңбектерінен алынған. Бұл фильм¬ді түсірудегі негізгі мақсат - халқы¬мыз¬дың ұлы перзенті, қазақтың нар азаматы, мемлекеттік қайраткер, дипломат Нәзір Төре¬құлов, өкінішке орай, кезінде елеусіз қалған тұлғаның атын, есімін келешек ұрпаққа, жастарға жеткізу болып табылады.
Енді «Өкілетті елші» фильмін тамашалайық.
Жүргізуші:
Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өл¬шеусіз қызмет жасаған алаш қайраткер¬лерінің ішінде Нәзір Төреқұловтың есімі ерекше құрметпен аталады. Осындай мақтан тұтар, өмірі - мектеп, ісі - үлгі, жұл¬дызы - жарық, даңқы - асқақ арда¬гер¬леріміздің бірі - Нәзір Төреқұлов. Нәзір атамыз жайлы ақындардың өлеңін тыңдайық.
7-оқушы:
Нәзір ақталып, есімі еліне қайтқанда ақын Мұхтар Шаханов:
Біздің елде заманында ғалам назар аударған,
Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген Таулар бар.
Ол Тау сенсің - Нәзір аға, қазағымның нар Тауы,
Дәуірінің қасиеті, өр рухты арқауы.
Ортаймапты әлі сенің алғыр, асау дарының,
Талай елге шашсаң-дағы жүрегіңнің жарығын.
Қаншама жыл саған құйған азаматтық арынын,
Туған жерге оралғаның жақсы болған алыбым!
8-оқушы:
Қасымхан Сейітханұлы Бегманов «ТӘУЕЛСIЗДIК немесе Нәзiр Төреқұлов жайлы жыр»
Ар жағында анау мұңлы адырдың,
Қатар жатыр бабалары Нәзiрдiң.
Он үшiнде топты жарып сөз сөйлеп,
Он бесiнде атқа мiнген қадiрлiм.
Санаменен салар болсақ сарапқа,
Талай иттiң тiсi қалған балақта.
Сүйген оны Мекке, Мәдинамыз да,
Сегiз жылдай Елшi болған Арабта.
Толқыдым мен жанарыма жас келiп,
Ендi мiне, жатыр жұртың ас берiп.
Төреқұлов деген атқа әлi күн,
Елеңдейдi Орынбор мен Ташкент.
Түсiне енiп сан оятқан кең дала,
Тәуелсiздiк алды халқың, жеңдi аға.
Қызылорда ұмытпайды ешқашан,
Ұмытпайды ешқашан да Ферғана.
Жүргізуші:
Ең алдымен Нәзір Төреқұловтың өскен ұясы әулетті, ұлағатты, алған білімі құнарлы, тиянақты еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында дүниеге келді, өз заманына сәйкес білім алды. Мәскеу қаласында, сол заманның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Мәскеу сауда институтының экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның арқасында өз тұстастарынан оқ бойы озық тұрған нағыз зиялы жан болды. Халқына қалтқысыз қызмет етіп, соңы¬на өшпейтін мол мұра қалдырған алаш¬тың адал перзенті, мемлекет және қоғам қай¬раткері Н.Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив