12
декабрь
2023
Кульбаева Эльмира Канатбековна
Бақылау диктанты
Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы «Алатау», «Сарыарқа», «Адай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Балбырауын», «Кісен ашқан», «Серпер», тағы басқа көптеген күйлер шығарған.
Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді. Хамит Ерғалиев «Құрманғазы» атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.
(77 сөз)
Граматикалық тапсырма:
А) Мәтіннен біріккен сөздерді тап
Ә) «Күйші» сөзін сөз құрамына талда
Б) «Халық» сөзімен сөйлем құрастыр
Дескрипторы
-сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады; 1 б
-бірыңғай мүшелерді сөйлемнен таба алады; 1б
-түбір, жұрнақ, жалғауды ажырата алады;1б
-сөз таптарын, сұрақтарын біледі; 1б
-сөз бен сөйлемді ажырата алады, сөйлемнің қалай жасалатынын біледі; 1б
- Тыныс белгілерін қояды1б
-Азат жолын сақтайды 1б
- Сөйлем құрайды1б
-Сауатты жазады 1б
- Көркем жазады1б
Жалпы 10б